2026 жылғы 6 қарашада Қазақстан Республикасының Ұлттық кітапханасында Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің ұйымдастыруымен «Зерделі ұлт» тұжырымдамасы аясында «Оқитын ұлт – кемел келешек» атты дөңгелек үстел өтті.
Шараға ақын-жазушылар, тілшілер, баспагерлер мен кітапханашылар қатысты.
Қатысушылар қазіргі ақпараттық қоғамда кітап оқу мәдениетін қалыптастыру, ұлттық рухани құндылықтарды сақтау, жас ұрпақтың зияткерлік әлеуетін арттыру және қоғамда білім мен ғылымға деген қызығушылықты дамыту мәселелерін талқылады. Кітап – ұлттың рухани қазынасы, тарихи жады мен мәдени сабақтастығының қайнар көзі. Оқу мәдениетін дамыту арқылы жеке тұлғаның дүниетанымы кеңейіп қана қоймай, қоғамның интеллектуалдық деңгейі көтеріліп, сыни ойлау қабілеті қалыптасады, ұлттық сана нығаяды.
Дөңгелек үстелдің негізгі мақсаты – қоғамда оқу мәдениетін кеңінен насихаттау, «оқитын ұлт» идеясын жүзеге асыру жолдарын талқылау, кітап оқу дәстүрін жаңғырту және кітапханалардың, білім беру ұйымдарының, мәдениет мекемелері мен қоғамдық институттардың өзара ынтымақтастығын нығайту болды.




