Қорды толықтандыру және ғылыми өңдеу қызметі
Қызмет жетекшісі:
Қыдыржанова Қарлығаш Аукеновна тел.: +7 (727) 378 41 89
РҒТК қорын қалыптастыру толықтандырудың тақырыптық-типологиялық жоспарына сәйкес жүргізіледі және ол кітапхананы пайдаланушыларға қызмет көрсетудің толықтығы мен жеделдігін қамтамасыз етуге бағытталған. Құжаттар тізбесі отандық және шетелдік ғылыми және техникалық кітап-журнал өнімдерін, патенттік және нормативтік құжаттамаларды және арнайы әдебиеттердің басқа да түрлерін қамтиды.
Жаңа технологиялардың дамуы қорға жыл сайын электрондық түрдегі басылымдардың 92% -дан астам түсуіп отыруын қамтамасыз ететін болды. Қорды жинақтаудың толықтығы кең ауқымды сенімді көздердің негізінде қамтамасыз етіледі. Жинақтаудың негізгі көздері: кітап саудалаушы ұйымдар, жазба агенттіктері, «ФИПС» ФГБУ, ИНИЦ «ПАТЕНТ» ААҚ, «СҒЗИ» РМК филиалы, «Стандартинформ» ФГУП, «Қазстандарт», «Информнаука» ЖШҚ, ведомстволар, әзірлеушілер және электрондық басылымдардың провайдерлері болып табылады.
Қызметтің негізгі міндеті – оқырмандардың сұраныстарын жедел және толық қанағаттандыру мақсатында каталогтар жүйесі (дәстүрлі және электрондық) арқылы қорды жан-жақты барынша ашу болып табылады.
Қызмет мыналарды атқарады:
- кітапхананың анықтамалық-іздеу аппаратын жүргізу және редакциялау;
- құжаттарды каталогтау (қолданыстағы МемСТ-қа сәйкес библиографиялық
сипаттама жасайды); - кітапханада қабылданған ӘОЖ кестесіне сай құжаттарды индекстеу;
- құжаттарды техникалық сипатта өңдеу.
- Карточкалы каталогтарды жүргізеді:
- алфавитті;
- қызметтік;
- жалғастырылып шығарылатын басылымдардың алфавитті каталогын (институттар шығарған еңбектерді, жин. шығ.), жүйелеу каталогын қамтамасыз етеді.
Қызмет олардан басқа:
- бөлімнің жіктеу индексін анықтауға көмектесетін және жүйелі каталогқа қосалқы аппарат болып табылатын алфавитті-пәндік көрсеткішті жүргізеді;
- кітапхананың түрлі бөлімшелерінде сақталатын қазақ, орыс және шетел тілдерінде басып шығарылған кітаптар мен депонирлі қолжазбалардың Электрондық каталогын (ЭК) құрастырады;
- 2001 жылдан бастап РҒТК мен филиалдарындағы кітаптардың Бас жиынтық каталогын жүргізеді.
- Қызмет докторлық диссертацияларға, мақалаларға, әдістемелік құралдарға, есептерге және т.б. ӘОЖ, ҒТАМР индекстерін қою бойынша қызметтерді атқарады.
Кітапханалық-ақпараттық процестерді сараптау қызметі
Қызмет жетекшісі:
Круглыхина Елена Владимировна тел.: +7 (727) 378 35 26
Сараптау қызметінің негізгі бағыттары:
- РҒТК мен филиалдарының қызметтерін ретке келтіріп отыруға негізделген нормативті, нұсқау-әдістемелік материалдарды әзірлеу және жекелеген өндірістік процесстерді атқару;
- РҒТК мен филиалдардың ресурстарына, пайдаланушыларға көрсетілетін қызмет түрлеріне және көлеміне, жұмыстарының маңызды бағыттарына қолданбалы зерттеулер жүргізу;
- РҒТК мен филиалдардың іргелі тәжірибелерін анықтау, зерттеу және жалпы қолдануға ұсыну;
- Кітапханалық жұмыстар бойынша барлық мәселелерде жекелеп немесе топтап кеңестер беру;
- пайдаланушылардың ақпараттық қажеттіліктерін барынша қанағаттандыруды қамтамасыз етуге және кітапханалар қызметінің тиімділігін арттыруға бағытталған РҒТК филиалдарын басқаруды ұйымдастыру;
- ақпараттық технологиялар базасы негізінде филиалдардың жұмыстарын ұйымдастыру;
- көрсетілетін қызметтердің көлемі мен құрылымын тексеру және нақтылау, жұмыстың басымдық жақтарын айқындау және тиімділігін бағалау мақсатында филиалдардың жоспарлары мен есептеріне сараптау жүргізу;
- жұмыс қорытындылары бойынша статистикалық жиынтық есепті құрастыру және филиалдардың қызметі туралы қорытынды баяндама жасау;
- кітапхана мамандарына арналған анықтамалық құралдар болып табылатын библиографиялық және толық мәтінді мәліметтер базасын құру және жүргізу;
- РҒТК және оның филиалдарының кітапхана қызметкерлерін үздіксіз оқыту мен біліктілігін арттыруды жүзеге асыру.