С. Асфендияров атындағы ҚазҰМУ магистранттарымен, «Қазақ онкология және радиология ғылыми-зерттеу институты» панельдік кездесу

2026 жылғы 10 сәуірде «РҒТК» КЕАҚ Патенттік-ақпараттық орталығында (Алматы қ., Сәтпаев көшесі, 53) С. Асфендияров атындағы ҚазҰМУ магистранттарымен, «Қазақ онкология және радиология ғылыми-зерттеу институты» АҚ өкілдерімен келесі тақырыпта кездесу өтті:
«Медицина саласындағы патенттік-ақпараттық ресурстар және зияткерлік меншікті қорғау».

Іс-шара аясында қатысушыларға Республикалық ғылыми-техникалық кітапхананың, патенттік-ақпараттық орталықтың қызметі таныстырылып, медицина саласындағы патенттік заңнама мәселелері қарастырылды.

👩‍🏫 Кездесу спикерлері:
— бас патентовед Калжанова А.Б.
— патенттік құжаттармен жұмыс бөлімінің меңгерушісі Азанова Т.А.
— патенттік-ақпараттық қызмет көрсету қызметінің жетекшісі Требесова С.В.

Қатысушылар ИСМ, Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясының патенттері, сондай-ақ диссертациялық дерекқорларды қоса алғанда, патенттік және ақпараттық ресурстармен танысты.

🔍 Кездесу барысында:
✔️ патенттік құжаттар дерекқорларында іздеу бойынша практикалық сабақтар өтті
✔️ патенттік қор бойынша экскурсия ұйымдастырылды
✔️ медицина саласындағы патенттер мен жасанды интеллект дәуіріндегі инновацияларға арналған тақырыптық көрме ұсынылды

💬 Кездесу белсенді талқылаумен, сұрақ-жауаптармен және консультациялармен аяқталып, магистранттарға құнды практикалық білім алуға мүмкіндік берді.ы. Бұл магистранттарға құнды практикалық білім алуға мүмкіндік берді.