«Республикалық ғылыми-техникалық кітапханасы» КЕАҚ жаңа президентінің тағайындалуы

2025 жылғы 17 желтоқсанда «ҰМҒТСО» АҚ бұйрығымен «Республикалық ғылыми-техникалық кітапханасы» Коммерциялық емес акционерлік қоғамының президенті лауазымына Ақтөбе өңірлік Қ. Жұбанов атындағы университетінің «Мұнай-газ істері» кафедрасының меңгерушісі Алматова Баян Ғазизовна тағайындалды.

Алматова Баян Ғазизовна, техника ғылымдарының кандидаты, «Қоршаған орта инженериясы» бағыты бойынша ассоциациялы профессор. Ол сондай-ақ «Білім саласындағы көшбасшылық» атты халықаралық бағдарламасының (Ұлыбритания) стипендиаты болып табылады және белгілі дәрежедегі ғылыми-педагогикалық және басқару тәжірибесіне ие.
«РҒТК» КЕАҚ президенті лауазымына Баян Ғазизовнаның тағайындалуы кітапхананы жетекші ғылыми-ақпараттық орталық ретінде одан әрі дамытуға, заманауи технологияларды енгізуге және кітапхананың Қазақстан Республикасының ғылыми-техникалық кеңістігіндегі рөлін нығайтуға бағытталған.