Болашақ ғылымы: дәстүрлер, инновациялар және жастар бастамалары

Мақсаты: Ғылыми жетістіктерді насихаттау, ғылыми-зерттеу қызметін ынталандыру және академиялық байланыстарды нығайту.

1. Ғылым онкүндігінің салтанатты ашылуы. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ студенттерімен, магистранттарымен және ғалымдарымен «Стандарттау мен сертификаттаудағы өзекті мәселелер» тақырыбындағы дөңгелек үстел
📅 07.04.2026 ж., сағат 14:00
📍 Техникалық әдебиеттер мен құжаттамалардың арнайы түрлері орталығы, Мұқанов көш., 233
👤 А.Н. Шапошникова

2. Networking-сессия: «РҒТК» КеАҚ ғалымдары мен «Орталық Азияның экология және қоршаған ортаны қорғау ғылыми-зерттеу орталығы (Алматы)» ЖШС ғалымдарының кездесуі. «Жасыл» технологиялар, қалдықтарды қайта өңдеу және суды тазарту саласындағы трендтерді талдау бойынша бірлескен жұмысты талқылау.
📅 06.04.2026 ж., сағат 10:00
📍 Әл-Фараби даңғылы, 75А
👤 т.ғ.м. Ж.О. Қонысбаева, т.ғ.м. А.Б. Қалжанова

3. «ECO-DATA: Таза технологиялар векторы» виртуалды көрмесі. Экологиялық стандарттар мен жобалар бойынша интерактивті навигация.
📅 08.04.2026 ж., сағат 10:00
📍 Техникалық әдебиеттер мен құжаттамалардың арнайы түрлері орталығы, Мұқанов көш., 233
👤 М.Е. Қожабекова

4. Интеллектуалды кеш. «Ғылыми капитал: Сәтбаев мұрасынан болашақ технологияларына» 📅 10.04.2026 ж., сағат 16:00
📍 Ақпараттық-сервистік орталық, Төле би көш., 73
👤 А.С. Жұманова

5. С. Асфендияров атындағы ҚазҰМУ магистранттарымен және ғалымдарымен, Онкология институтымен «Медициналық инновациялар және зияткерлік меншік» тақырыбындағы панельдік кездесу
📅 10.04.2026 ж., сағат 11:00
📍 Патенттік ақпарат орталығы, Сәтбаев көш., 53
👤 А.М. Мұқанова