ҒЫЛЫМИ ЭЛЕКТРОНДЫҚ КІТАПХАНА eLIBRARY.RU – Ресейдегі ғылыми жарияланымдардың ірі электрондық кітапханасы болып табылады, ғылыми ақпараттарды және ғылыми ақпараттардың сараптамаларын іздеуде жан-жақты мүмкіндіктер бере алатын ақпарат орталығы. Бұл кітапхана Ресейдің ғылыми дәйексөз индексімен (RINC) біріктірілген – Ресей Федерациясының білім және ғылым министрлігінің тапсырысы бойынша ғалымдар мен ұйымдардың жариялану белсенділігін анықтайтын ақысыз жалпыға қол жетімді құрал. eLIBRARY.RU мен RINC жүйелерін «Ғылыми Электрондық кітапхана» компаниясы әзірлеген және оны қолдап отырады.
eLIBRARY.RU платформасы 1999 жылы Ресейдің іргелі зерттеулер қорының бастамасымен ресейлік ғалымдардың шетелдің жетекші ғылыми басылымдарына электронды түрде қол жетімділігін қамтамасыз ету үшін құрылған. 2005 жылдан бастап eLIBRARY.RU орыс тілді басылымдармен жұмыс істей бастады және бүгінде әлемдегі орыс тілінде шығатын ғылыми мерзімді басылымдардың жетекші электрондық кітапханасы болып табылады.
Осы толық мәтінді база Ресейдің жетекші академиялық, университеттік және салалық баспаларының мерзімдік басылымдарының дерекқоры болып табылады. «РҒТК» КЕАҚ 2025 жылда 4 журналға жазылу құқығына ие және 2016-2024 жылдар аралығындағы мұрағаттық 82 журнал атауына pdf – форматында қолжетімділікті қамтамасыз ете алады.