«РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҒЫЛЫМИ-ТЕХНИКАЛЫҚ КІТАПХАНАСЫ» КОММЕРЦИЯЛЫҚ ЕМЕС АҚПАРАТТЫҚ ҚОҒАМЫ (КЕАҚ) ҰСЫНАДЫ мына қызметтерді пайдалана аласыздар

ӘОЖ БОЙЫНША ҚҰЖАТТАРДЫ ИНДЕКСТЕУ

ҚР ғылыми қызметкерлері, жоғары оқу орындарының оқытушылары мен студенттері,
сонымен қатар ғылыми қызметпен айналысатын басқа ұйымдардың қызметшілері, егер сіздер кітап шығарсаңыздар, журналдарға мақала жазсаңыздар, ұйымның стандартын әзірлесеңіздер, оқу және оқу-әдістемелік құралдарды, жинақтарды, монографияларды және т.б. жарыққа шығарсаңыздар –
Сізге ӘОЖ индексін анықтау барынша қажет.
ӘОЖ – Әмбебап ондық жіктеу индексі –
Бұл Кітапханада адамзат баласы қалыптастырған білімді, басқа да мәліметтер қорын, өзгедей жинақталған ақпараттарды жүйелеу жүйесі болып табылады:
көптеген әлем елдерінің ғылыми-техникалық құжаттарын индекстеу үшін қабылданған бүкіл кітап өнімдерінің міндетті деректемесі болып табылады; әлемнің көптеген елдерінде ғылыми-техникалық құжаттарды индекстеу үшін қабылданған барлық кітап өнімдерінің және жаратылыстану мен техникалық ғылымдар бойынша ақпараттардың міндетті деректемесі болып табылады;
ол материалдың мазмұнын егжей-тегжейлі ашуға және ақпаратты жылдам іздеуге мүмкіндік береді; сондай ақ Қазақстанның ғылыми-техникалық ақпарат саласында басқа елдермен кеңірек ынтымақтасуына ықпал етеді.
Қазақстанда ӘОЖ кестесінің көптеген жылғы тәжірибесі тек қана РҒТК-да
жинақталған (60 жылдан астам), сондықтан да кітапхана өз пайдаланушыларына
құжаттарды индекстеу бойынша жоғары деңгейдегі эксклюзивті кәсіби қызметті көрсете алады.
Осы сервистің көмегіне пайдаланушылар тапсырыс бере алады құжаттарды ресімдеуге арналған элементтер белгіленген параметрлерге сәйкес (ӘОЖ индекстері, ҒТАХР – ғылыми-техникалық ақпараттардың халықаралық рубрикалары) анықталады.
Сондай-ақ, қатаң регламенттелген тәртіпте тапсырыстың жылдам мерзімде орындалуына келісім бойынша атқару мүмкіндігі бар
Бұл сервисті кітапхана оқырмандары және басқа да кез келген пайдаланушылар қолдана алады.

Назар аударамыз, ӘОЖ индекстерін және ҒТАХР рубрикаларын online-нұсқа арқылы өз алдына анықтау барысында құжаттарды рәсімдеу кезінде толық ақпараттылық пен сапалылығы сақтала бермейтінін ескертеміз, себебі онда анықтау-кестесінің барынша толықтығы қамтамасыз етілмеген. Нәтижесінде: сіздің жұмысыңыздың жалпы әлемдік ақпараттар легінде толық көрініс бере алмай, жойылуы мүмкін екенін ескертеміз.

Сіздердің қызығушылық танытуларыңызға шынайы ықылас білдіреміз және әрмен қарай жемісті қарым-қатынас орнатуға ниеттеспіз.
СІЗДЕРДІ ӘРҚАШАН КҮТЕМІЗ ЖӘНЕ КӨМЕКТЕСУГЕ ДАЙЫНБЫЗ:
Алматы қ., С. Мұқанов көш., 223-б
Қорды толықтандыру және ғылыми өңдеу қызметі
тел.: 378 41 89, ұялы тел.+7 708 769 26 67; +7 708 416 36 67
e-mail: compl@rntb.kz