РҒТК тарихы

Республикалық ғылыми-техникалық кітапхана (РҒТК) Қазақ ССР компартиясы Секретариатының 1960 жылғы 5 қаңтардағы қаулысына сәйкес, 1960 жылғы 10 ақпанда Қазақ ССР Министрлер Кеңесінің № 147-р өкімі негізінде Мемлекеттік ғылыми-техникалық комитет (МҒТК) қарамағындағы кітапхана негізінде құрылған.

Оның құрылуы үкіметтің кітапхана ісін нығайту мен республикадағы ғылыми-техникалық ақпараттар қызметін жаңғыртуға бағытталған шараларының бірі болатын.

Арада 5 жыл өткеннен кейін Қазақстан Компартиясы Орталық комитетінің және Қазақ ССР Министрлер кеңесінің 1965 жылғы 15 қарашадағы № 749 қаулысы негізінде РҒТК Қазақ ССР Мемжоспарлау комитетінің құзырына беріледі.

Сөйтіп, бір жыл аралығында кітапханада мыңдаған ғылыми-техникалық әдебиеттер мен құжаттардың ретроспективті қоры жабдықталып, анықтамалық-іздеу аппаратында орнықтырылады, кезекті толықтандыру ретке келтірілді, мамандар мәселесі де тиімді шешімін тауып, оңтайлы ғылыми-техникалық база қалыптастырылды, соның арқасында 1961 жылғы ақпан айынан бастап пайдаланушыларға қызмет көрсету іске асырыла бастады.

РҒТК-ның құрылымында Қазақ ССР Министрлер Кеңесінің 1965 жылғы 31 тамыздағы № 1476-р өкімі негізінде Республикалық патент қорының және техникалық әдебиеттер мен құжаттардың арнайы түрлері бөлімінің ашылуы оның сенімді ақпарат орталығы ретінде қалыптасуының маңызды кезеңі болды.

РҒТК-ның тікелей араласуымен 1965 жылдан 1976 жылдар аралығында 18 Облыстық ғылыми-техникалық кітапханалар (ОҒТК) құрылды, олар тікелей РҒТК-ға бағынысты болды.
1977-1980 жылдар аралығында РҒТК ҚазҒТАҒЗИ (қазірде МҒТС ҰО) бірлесе отырып Аймақтық бірыңғай анықтамалық-ақпараттық қор құру жұмыстарына басшылық етті.
Бұдан кейінгі 10 жылда РҒТК 18 ОҒТК мен кәсіпорындардағы 429 техникалық кітапханаларды қамтамасыз етіп отырды және Қазақстанның ғылыми-өндірістегі мамандарына сенімді ақпараттық қолдау көрсете білді.

Дағдарысты 90-шы жылдарда ОҒТК саны едәуір қысқарды, ал төменгі кітапханалар желісі өздерінің тіршілігін тоқтатты.

1999 жылдан бастап РҒТК бірқатар өзгерістерді бастан өткерді, нәтижесінде қалған ОҒТК оның филиалдары ретінде құрылымына енгізілді.

2008 жылы РҒТК Акционерлік қоғам мәртебесіне ие болды. 2022 жылдан бастап РҒТК «Республикалық ғылыми-техникалық кітапханасы» Коммерциялық емес акционерлік қоғамы (КЕАҚ) болып қалыптасты.

Кітапхана мәртебесінің өзгеруіне байланысты бірқатар өзекті мәселелер кешенін шешу қажет болды, ол ақпараттық технологиялардың қарқынды қолданылуын игеру мен ақылы сервис көлемін арттыруға қатысты болатын.

Кітапхана қоғам алдындағы өзінің парызын ешқашан жоғалтқан емес, ол қысқа да нұсқа «Республикалық ғылыми-техникалық кітапхананың миссиясы» атты құжатта айқындалған және оны бұлжытпай атқарып келеді. Мұндағы негізгі тұжырым кітапхананың қызметіне мүдделі ғылыми-өндіріс саласының мамандары мен барлық азаматтарына ақпараттық қажеттіліктерін жоғары біліктілік деңгейінде қанағаттандыруға негізделген мемлекеттің маңызды әлеуметтік функциясын атқарумен айқындалады.

Кітапхана қызметін пайдаланатын басты нысан ұжымдық пайдаланушылар болып табылады, олар – ғылыми-зерттеу мекемелері, өндіріс саласының барлық кәсіпорындары, шағын және орта бизнестің тауар өндірушілері, техникалық бағыттағы жоғары оқу орындары.

РҒТК-ның қызмет көрсету аясы Қазақстанның барлық аумағына таралады, бұл негізінен өндірістік аумақтарда орналасқан аймақтық филиалдар желісінің арқасында жүзеге асып отыр.
Ең заманауи технологияларды игеру арқасында кітапхана әлемдік ақпараттар ресурстарына трансұлттық негізде қол жетімділікті қамтамасыз етіп келеді, оның ішінде тым шалғайдағы пайдаланушыларға әлемдік ақпараттар легінен құжаттарды алу мүмкіндігіне қол жеткізу болып табылады.

Кітапхана тек қана пайдаланушылар қажетін барынша қанағаттандыратын сапалы ақпарат өнімдерін ұсынады.

РҒТК бүгінгі таңда – дамыған филиалдар желісі бар кең ауқымды заманауи ақпараттық жүйе, Қазақстанның кез келген аймақтарындағы өз пайдаланушыларына тек қана өзекті және тексерілген ғылыми-техникалық ақпараттарды ұсына алады.

Пайдаланушыларды Тыңдай білу мен Құрметтей білу, икемді, жылдам, қарапайым әрі жағымды болу, заманауи технологияларды жоғары дәрежеде игере білу және сервис деңгейін ұдайы жаңартып, дамытып отыру – РҒТК-ның заманауи кезеңдегі жетістік формуласы – осы болып табылады.