ЖАСАНДЫ ИНТЕЛЛЕКТ ЖӘНЕ ЗАМАНАУИ КІТАПХАНАНЫҢ ТРАНСФОРМАЦИЯСЫ: ЖАҢА БІЛІМ ЖӘНЕ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ТӘЖІРИБЕ

”Республикалық ғылыми-техникалық кітапхана» КеАҚ-ның 2026–2027 жылдарға арналған халықаралық ынтымақтастығын ұйымдастыру» жобасы аясында үш бағытқа ерекше назар аударылуда: халықаралық тәжірибені зерделеу, қызметкерлердің цифрлық құзыреттерін дамыту және кітапханалық-ақпараттық қызметке заманауи технологияларды енгізу.

Басым бағыттардың бірі – жасанды интеллектінің (ЖИ) мүмкіндіктерін және оның білім беру, ғылым және кітапхана салаларында іс жүзінде қолданылуын зерделеу.

Сондықтан жасанды интеллектке арналған халықаралық білім беру вебинарларына қатысу РҒТК мамандарының кәсіби дамуы үшін ерекше маңызды.

Вебинарларда кәсіби қызметтің өзгеруі, жаңа құралдар мен оқыту тәсілдерін меңгеру, сондай-ақ жылдам технологиялық даму жағдайында кәсіби көзқарастың өзгеруі қарастырылады.

Баяндамалардың бірінде ұсынылған Джек Мезироудың трансформациялық оқыту тұжырымдамасы (Mezirow’s Transformative Learning Theory) ерекше қызығушылық тудырады. Ол практикалық тәжірибе, сыни ой елегінен өткізу, жаңа білімді меңгеру және жаңа кәсіби рөлдердің қалыптасуы арасындағы байланысты ашып көрсетеді.

Заманауи кітапхана үшін бұл тәсілдердің өзектілігі ерекше. Жасанды интеллектіні енгізу жекелеген цифрлық құралдарды меңгерумен шектелмейді. Ол дәстүрлі кітапханалық процестерді қайта пайымдауды, қызметкерлердің жаңа құзыреттерін дамытуды және пайдаланушыларға қызмет көрсетудің инновациялық моделін қалыптастыруды талап етеді.

Алынған білім мен халықаралық кәсіби тәжірибе «РҒТК» КеАҚ-ның одан әрі цифрлық трансформациясына ықпал етеді. Сонымен қатар олар кітапханалық-ақпараттық қызметтерді жетілдіруге және кітапхана жұмысында жасанды интеллект технологияларын қолдану мүмкіндіктерін кеңейтуге көмектеседі.

РҒТК – халықаралық ынтымақтастыққа, жаңа білім мен технологиялық инновацияларға ашық кітапхана!