«ПАРАГРАФ-ЮРИСТ» АЖ – бұл Қазақстандағы ең ірі құқықтық ақпарат кешені болып табылады, нормативтік құқықтық актілердің мәтіндерін, нормативтік-техникалық құжаттамаларды, заңнамаға түсініктемелерді, ҚР Жоғарғы сотының шешімдерін, нақты істер бойынша сот шешімдерін, сот және өзге де құқық қолдану практикасының құжаттарын, заң жобалары мен жекелеген жобалардың дерекнамасын қамтитын іздестіру желісі, жұмыстың ыңғайлы құралдарымен деректерді күн сайын толықтырып және жаңартып отыратын, халықаралық заңнамалық, құқықтық актілердің нысандары және басқа да көптеген ақпараттарды қазақ және орыс тілдерінде ұсынады. Онда 14 миллионнан астам құжат бар.
«Параграф» АЖ жинағы::
- Строймастер (Құрылыс шебері), нормативтік, нормативтік-техникалық, талдамалы және анықтамалық ақпараттарды қамтиды. Ол 9 блоктан тұрады: Сарапшы; Халықаралық заңдылықтар; Сот практикасы; Мемлекеттік тілдегі құжаттар; Нормативті-техникалық құжаттамалар; Түсініктемелер; Заң жобалары; Мемлекеттік органдар мен ұйымдардың ресми жауаптары мен түсіндірмелері; Құжаттардың үлгілері.
- НТҚ – құрылыс, жобалау, энергетика, еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласындағы мамандарға және басқа да мамандарға арналған нормативтік-техникалық құжаттарды қамтиды. Әділет органдарында мемлекеттік тіркеуді талап етпейтін нормативтік және техникалық құжаттар: МемСТ, ҚНжЕ, ҚНжЕ, ҚБҚ (РДС), ветеринариялық, ЕҚН (ТОИ), ҚБҚ (РДС), ҚӘҚ (МДС), ҚЖЕ (СПС), ветеринарлық-санитарлық нормалар мен ережелер, санитарлық нормалар, қағидалар мен гигиеналық нормативтер, өрт қауіпсіздігі нормалары мен қағидалары, техникалық-экономикалық ақпараттардың мемлекеттік классификаторлары, мемлекеттік салық және статистикалық есептілік нысандары, тарифті-біліктілік анықтамалықтары, бағалау стандарттары, білім беру стандарттары, сондай-ақ белгілі бір саладағы қызметтің техникалық және ұйымдастырушылық-экономикалық аспектілерін айқындайтын басқа да құжаттамалар мен актілер, техникалық және технологиялық нормалар мен стандарттарды қамтитын нормативтік актілерді құрайды.
- Мемлекеттік тілдегі құжаттар, бұл бөліктің құрамына Қазақстан экономикасы мен қоғамдық өмірінің барлық саласын реттейтін мемлекеттік тілдегі нормативтік құқықтық актілер енгізілген.
- «ПАРАГРАФ-МЕДИЦИНА» АЖ оған нормативтік және құқықтық құжаттардан, сондай-ақ медициналық және фармацевтикалық заңнама бойынша жетекші мамандардың тәжірибесінен алынған түсініктемелерден, сондай-ақ дәрілік заттар мен өндіруші фирмалардың анықтамалықтарынан тұратын ақпараттық блок кіреді. Ыңғайлы интерфейсі және тиімді іздеу құралдары арқылы қажетті ақпараттарды жылдам табуға мүмкіндік береді, ал бірыңғай ақпараттық кеңістік қаржы-экономикалық, медициналық-статистикалық, фармацевтикалық салалардағы ақпараттарды біріктіреді және нормативтік, анықтамалық, сараптамалық материалдарды бір мезгілде зерделеуге мүмкіндік береді.
Қазіргі уақытта ақпараттық блок денсаулық сақтау саласы бойынша 13 мыңға жуық нормативтік құжаттарды, 11 кәсіби медициналық анықтамалықтарды және медициналық құжаттамалардың барлық қажетті нысандарын қамтиды. Ақпараттар ҚР Денсаулық сақтау министрлігінен және басқа да мемлекеттік органдардан келіп түседі. Деректерді жаңарту күн сайын жүргізіледі.