Техникалық әдебиеттер мен құжаттамалардың арнайы түрлері орталығы
Орталық Директоры: Омархан Қалиман Рахматуллақызы тел.: +7 (727) 378 37 29 е-mail: spvid@rntb.kz
Техникалық әдебиеттер мен құжаттамалардың арнайы түрлері Орталығы кәсіпорындарға, ұйымдарға кітапханалық-ақпараттық, анықтамалық-библиографиялық қызмет көрсетеді, сондай-ақ барлық санаттағы жеке пайдаланушыларға стандарттау жөніндегі нормативтік құжаттамалармен, өнеркәсіптік каталогтармен қызмет көрсетеді, жарияланбаған ғылыми материалдарға қол жетікізуді қамтамасыз етеді, нормативтік құжаттамалармен жұмыс істеуде пайдаланушыларға әдістемелік және кеңес беру қызметтерін жүргізеді.
Ақпараттық сервис:
- кітапханааралық абонемент бойынша (КАА) қызметтер көрсету;
- құжаттарды электрондық жолмен жеткізу (ҚЭЖ);
- ұжымдық пайдаланушыларға сұрақ-жауап режимінде қызмет көрсету;
- нормативтік құжаттарды жарамдылыққа тексеру;
- әртүрлі анықтамалар мен кеңестер беру, оның ішінде аса күрделі мәселелер бойынша;
- әдебиеттерді сұраныстағы тақырып бойынша іріктеу және іздеу, оның ішінде электрондық ақпарат ресурстары бойынша;
- ФГУП «СТАНДАРТИНФОРМ» веб-серверін қолдана отырып қызмет көрсету;
- Интернет желісінің ақпарат ресурстары бойынша және мәліметтер қоры бойынша тақырыптық іздеу;
- сканирлеу, көшірме жасау;
- маркетингтік шаралар жүргізу, лекциялар, экскурсиялар өткізу.
Ақпараттық-сервистік орталық
Орталық Директоры: Варехина Ирина Алексеевна тел.: +7 (727) 267 65 97 тел./факс: +7 (727) 227 47 80е-mail: cbir@rntb.kz
Ақпараттық-сервистік орталықтың құрылымына төрт бөлімше кіреді: баспа өнімдерінің секторы, электрондық ресурстар секторы, сканирлеу секторы және қормен жұмыстар секторы. Ақпараттық-сервистік орталықтың қоры пайдаланушылардың ақпаратқа қажеттіліктерін жедел орындауға лайықталған, ол кітапханалық, библиографиялық және ақпараттық қызмет көрсету негізінде атқарылады:
- баспа өнімдері секторында (оқу залы мен абонемент) пайдаланушыларға Қазақстан Республикасында, Ресейде және басқа шет елдерде шығарылатын экономика, құқық, ғылым мен техника жөніндегі барлық мәселелерді қамтыған бірқатар сөздіктер, энциклопедиялар, анықтамалықтар, оқулықтар, оқу құралдары, кітаптар, журналдар, ақпараттық және жалғастырылып шығарылатын басылымдар ұсынылады;
- кәсіпорындар мен ұйымдардың тапсырыстары бойынша ақпараттық-сервистік орталықта әдебиеттердің көрмесі, ақпараттар күні, тақырыптық және шолу экскурсиялары өткізіліп тұрады;
- электрондық ресурстар секторында eLIBRARY.RU ғылыми электрондық кітапханасының, ЭКЖ «ЛАНЬ» платформасының электрондық кітаптары мен журналдарының базасына, ЖШҚ «ИВИС» компаниясының «Медиа Сфера» баспасының медицина журналдарының және ғылыми-техникалық ақпараттардың электрондық желісінің аса ірі жеткізушісі болып табылатын «Znanium.com» ЭКЖ негізгі жинақтары мен энциклопедияларының электрондық түрдегі мәліметтер қорына қолма қол режимде қол жеткізуді қамтамасыз етеді. Сондай-ақ, Ресей мемлекеттік кітапханасының оқу залына виртуалды түрде пайдаланушыларға қызмет көрсетіледі, мұнда орталықтың қызметкерлері ресейлік диссертациялар мен авторефераттардың толық мәтінді өнімдеріне қол жеткізуді қамтамасыз етеді.
Құжаттарды электрондық жолмен жеткізу қызметі де орталықта белсенді түрде жолға қойылған, әсіресе Қазақстанның өзге аймақтарындағы шалғайдан пайдаланатын санаттағы пайдаланушылар үшін бұл аса тиімді.
Патенттік-ақпараттар орталығы
Орталық директоры: Мұқанова Амина Мұхаметқалиевна
тел.: +7 (727) 245-31-62 е-mail: rpf@rntb.kz
Патенттік-ақпараттар Орталығының негізгі міндеттері келесідей:
- Қазақстанның инновациялық және ғылыми қызметтерін жаңа ақпараттық технологияларды ендіру жолымен ақпараттық қолдауға негізделген;
- пайдаланушыларға жедел түрде анықтамалық-библиографиялық және патенттік-ақпараттық қызмет көрсетуді қамтамасыз ету;
- ұжымдық және жеке пайдаланушылар жүргізетін патенттік зерттеулеріне ақпараттық қолдау көрсету;
- РҒТК филиалдарының пайдаланушыларына патенттік-ақпараттық қызмет көрсету барысында әдістемелік көмек көрсету.
Орталықтың қоры:
Патенттік құжаттар: - Қазақстан Республикасының,
- Ресей Федерациясының,
- ТМД елдері мен Еуразиялық патенттік ведомстволардың (ЕАПВ) құжаттары,
- «Әлем елдерінің өнертабыстары» реферативтік журналы — Ұлыбританияның, Германияның,АҚШ, Францияның, Жапонияның, Бүкіләлемдік зияткерлік жекеменшік ұйымының (ВОИС), Еуропалық патенттік ведомствосының (ЕПВ) (орыс, қазақ тілдеріндегі) патенттік құжаттары — адамның экономикалық қызметінің барлық қырларын қамтитын сызбалар, жобалаулар және химиялық формулалардың жиынтығы бар.
Патенттік-құқықтық әдебиеттер
Ақпараттық мәліметтер базасы:
- Ресей мемлекеттік кітапханасындағы диссертациялардың электрондық кітапханасы (РМК ДЭБ)
- «ЛАНЬ» ЭКЖ электрондық кітапханасы
- ЖШҚ «ИВИС» компаниясының «Медиа Сфера» баспасының медицина журналдары
- ЖШҚ «РУНЭБ» компаниясының e.LIBRARY.RU платформасындағы ғылыми журналдары
- «Znanium.com» ЭКЖ негізгі жиынтығы мен энциклопедиялар
- ХҚЭДО (МЦФЭР) электрондық журналдары
Ақпараттық сервистік қызметтер:
- Аналогтар мен прототипті анықтауға тақырып бойынша іздеу;
- Елдер бойынша патенттік іздеулер жүргізу: ҚР СТ МемСТ Р 15.011-2005 бойынша іздеу жүргізу туралы есеп жасай отырып, Қазақстан Республикасы, Ресей Федерациясы, ТМД, Ұлыбритания, Германия, АҚШ, Франция, Жапония, халықаралық ұйымдар — Бүкіләлемдік зияткерлік жекеменшік ұйымы (ВОИС), Еуропалық патенттік ведомстволар (ЕПВ) және Еуразиялық патенттік ведомствалар (ЕАПВ) бойынша іздеу;
- Өнертабыстарына немесе жарамды модельге тапсырыс материалдарын әзірлеу, тауар белгілерін тіркеу;
- МҚ бойынша іздеу;
- Құжаттар мен оның көшірмелерін беру;
- Электрондық және қағаз басылымдағы құжаттардан көшірмені басып шығару;
- Патент қоры бойынша ақпараттық іздеу жүргізу;
- Тақырып бойынша іріктеу жасау;
- Өнеркәсіптік жекеменшікті қорғау саласының құқықтық мәселелері бойынша кеңестер беру;
- Өнертабыстар сипаттамасына, жарамды модельге, өнеркәсіптік үлгіге формуланы редакциялау бойынша кеңестер беру;
- Авторлық құқықпен қорғалатын туындыларға құқықтарды мемлекеттік тіркеу бойынша кеңестер беру;
- Тауар белгісіне, авторлық құқыққа, өнертабыстарына, пайдалы модельге және өнеркәсіптік үлгілерге тапсырыс материалдарын ресімдеу барысында көмек беру;
- Маркетингтік шараларды, экскурсияларды және т.б. өткізу.