DEREK-INFO ақпараттық жүйесі

DEREK-INFO ақпараттық жүйесі – нормативтік-құқықтық актілер мен ҒТҚ электрондық базасы, 5500 астам құжаттар қорын қамтиды.
 
DEREK-INFO АЖ нормативтік құжаттардың мол қоры бар (ҚР кодекстері, ҚР заңдары, техникалық регламенттері, санитарлық ережелер, ҚР СБҚ, ҚР СН, ҚР СЕ, ҚР СНменЕ, ҚР Е, ҚР Б, ВСН және басқалар), олар Қазақстан Республикасы аумағындағы қолданылып отырған ел экономикасының құрылыс және жобалау салалары мен азаматтық тұрғын үй құрылысын, Тұрғын үй коммуналдық шаруашылықты, мұнай-газ саласын, энергетика, жол құрылысы, ауыл шаруашылығы, экология, денсаулық сақтау және басқа
салаларын реттеуге бағытталған.
 
DEREK-INFO АЖ пайдаланушылардың кең ауқымды саласына, соның ішінде инженерлерге, сәулетшілерге, сметашыларға, технологтарға, ақпарат қызметкерлеріне, кәсіпорын басшыларына, мемлекеттік қызметшілерге және экономиканың әртүрлі салаларындағы объектілерді жобалау және салу, құрылыс материалдарын өндіру және пайдалану процестеріне қатысатын басқа да мүдделі тұлғаларға арналған.

Жүйенің басымдылықтары:

  • жаңартылған нормативтік құжаттар базасына online-қол жеткізу мүмкіндігі;
  • салалық тізбе құрылымына (⦁ АГСК-1, АГСК-4, АГСК-5 және басқалар) сәйкес келетін классификатордың болуы;
  • құжаттардың атрибуттары негізінде іздеу ыңғайлылығы;
  • жүйені пайдаланушылар санының шектеусіздігі;
  • «KAZGOR» ЖА мемлекеттік ұйымдармен өзара байланысы негізінде сенімді ақпараттардың болуы.