«Республикалық ғылыми-техникалық кітапханасы» коммерциялық емес акционерлік қоғамы («РҒТК» КЕАҚ) президентінің м.а. Маленькая М.Ю. Мәскеу қаласындағы Ресей мемлекеттік көпшілік ғылыми-техникалық кітапханасында (Ресей МКҒТК) 2025 жылғы қазанның 9 – 10 аралығында өткен «Ғылыми-техникалық ақпараттардың мемлекеттік жүйесінің жай-күйі мен даму жағдайы» атты ІІІ Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференцияға қатысып қайтты.
Пленарлық мәжілісте Маленькая М.Ю. конференцияға қатысушыларға арнап құттықтау сөз сөйледі, сөйлеу барысында ғылыми-техникалық ақпараттар саласындағы халықаралық қарым-қатынасты нығайтудың маңыздылығын және кітапханалар қызметіндегі заманауи цифрлық жүйелердің шешіміне ерекше мән беру қажеттігін атап өтті.

Конференция барысында ғылыми-техникалық ақпараттар жүйесінің мемлекетаралық маңызы бар түйінді мәселелері, ғылыми-техникалық әдебиеттер алмасудың тиімді тәсілдері қарастырылды, сондай-ақ каталогтаудың заманауи құралдары мен ақпараттық ресурстарға қол жетімділікті қамтамасыз ету жағдайы талқыланды. Әсіресе, ғылыми-техникалық кітапханалар қызметіндегі кітапханалық-ақпараттық жүйені автоматтандыру саласына ерекше мән берілді, сонымен қатар Ғылыми-техникалық ақпараттардың мемлекеттік жүйесіндегі (ҒТАМЖ) ҒТК алдында тұрған өзекті мәселелер талқыланды.
Осы шараға «РҒТК» КЕАҚ қатысуы арқылы ұйымның кәсіби деңгейдегі өзара байланысты, тәжірибе алмасуды және ғылыми-техникалық ақпараттар саласындағы инновациялық тәсілдерді енгізуді кеңейтуге ұмтылуын дәлелдеп берді.
