Құрметті құрылысшылар, сәулетшілер, инженер-жобалаушылар және құрылыс саласының мамандары!
«Республикалық ғылыми-техникалық кітапхана» КЕАҚ ұжымы сіздерді кәсіби мерекелеріңіз – Құрылысшылар күнімен шын жүректен құттықтайды!
Сіздердің мәртебелі әрі жасампаз еңбектеріңіз мемлекетіміздің дамуы мен гүлденуінің негізін қалайды. Елімізде бой көтерген әрбір ғимаратта, инфрақұрылымдық нысандар мен заманауи сәулет кешендерінде сіздердің терең білімдеріңіз, шеберліктеріңіз бен жоғары жауапкершіліктеріңіз бейнеленген.
Бүгінгі таңда Қазақстанның құрылыс саласы озық ғылыми әзірлемелерге, жобалаудың халықаралық стандарттарына және инновациялық технологияларға сүйене отырып қарқынды дамып келеді. «РҒТК» КЕАҚ өзекті нормативтік-техникалық құжаттарға, мемлекеттік стандарттарға, Еврокодтарға және арнайы әдебиеттердің бірегей қорына қолжетімділікті қамтамасыз ете отырып, сала мамандары үшін сенімді ақпараттық әріптес болуды мақтаныш тұтады.
Осы мерекелі күні сіздерге кәсібиліктеріңіз, өз істеріңізге деген адалдықтарыңыз және еліміздің заманауи келбетін қалыптастыруға қосқан үлестеріңіз үшін шынайы алғысымызды білдіреміз.
Сіздерге сарқылмас қуат, ауқымды де еңселі жобаларды сәтті іске асыруды, зор денсаулық және отбасылық амандық тілейміз! Әрбір жаңа бой көтерген нысан сенімділік пен кәсіби мақтаныштарыңыздың символына айналсын!
