2026 жылдың 10 сәуірінде Ғылым онкүндігі аясында Ақпараттық-сервистік орталықта «Ғылыми капитал: Сәтбаевтан болашақ технологияларына дейін» тақырыбында интеллектуалды кеш өтті.
Іс-шараға Абай атындағы ҚазҰПУ-дың Физика, математика және информатика факультетінің студенттері белсене қатысты.
Интеллектуалды кеш барысында отандық ғылымның даму мәселелері, оның тарихи бастаулары мен заманауи тенденциялары қарастырылды. Көрнекті ғалым Қаныш Сәтбаевтың ғылыми мұрасына және оның Қазақстанның ғылыми әлеуетін қалыптастыруға қосқан үлесіне ерекше назар аударылды.
Қатысушылар жоғары дайындық деңгейін көрсетіп, талқылаулар мен интеллектуалды тапсырмаларға белсене араласты. Сондай-ақ ғылыми қызметке және заманауи технологиялық бағыттарға деген қызығушылықтарын байқатты.
Мұндай іс-шараларды өткізу жастар арасында ғылымды насихаттауға және ғылыми-зерттеу қызметіне деген ынтаны қалыптастыруға ықпал етеді.





