«Әлем елдерінің өнертабыстары»

Бұл деректер базасында әлемнің жетекші елдерінің (Ұлыбритания, Германия, АҚШ, Франция, Жапония, Қытай, Корея), халықаралық ұйымдардың (ДЗМҰ, ЕПВ, ЕАПВ) және Ресей Федерациясының патенттік қорларының 1996 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейінгі орыс тіліндегі патенттері туралы ақпараттар бар.
Мұнда патенттік құжаттардың 1 миллионнан астам данасы қамтылған: олар Өнертабыстары мен жарамды модельдер, Өнеркәсіптік үлгілер, Тауар белгілері, қызмет көрсету белгілері және ТМКК, Компьютерге арналған бағдарламалар, мәліметтер базасы, интегралды микросхемалар топологиясы.
«Әлем елдерінің өнертабыстары» дерекқоры әртүрлі статистика деректерін алуға және ақпарат бойынша сараптама жасауға мүмкіндік береді.
Mimosa немесе ASPI-1 іздеу жүйесі бар электронды тасымалдағыштарды (CD, DVD) шығару форматы қамтылған. Іздеу жүйесі ел атаулары, жарияланған күндері, жарияланым атауы, Халықаралық патенттік жіктеу индекстері, маңызды сөздері бойынша іздеуге мүмкіндік береді.

ИНИЦ «ПАТЕНТ» АҚ реферативтік журналы

«Әлем елдерінің өнертабыстары» реферативтік журналының 112 шығарылымын қамтиды, олар Халықаралық патенттік жіктеу индекстері (ХПЖ) бойынша құрылған, ел экономикасы қызметінің барлық салаларын қамтиды. Шығарылымдарда орыс тіліне аударылған патенттік ақпараттар бар, олар: библиографиялық мәліметтер, тақырыптар, рефераттар, сызбалар, диаграммалар және химиялық формулалар.