Ғылым онкүндігі. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ студенттерімен «Стандарттау және сертификаттаудағы өзекті мәселелер» тақырыбындағы дөңгелек үстел

«РҒТК» АЕҚ ғылым онкүндігінің іс-шаралар жоспарына сәйкес, 2026 жылдың 7 сәуірінде әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың «Химиялық сараптама және өндірісті аналитикалық бақылау» білім беру бағдарламасының студенттерімен дөңгелек үстел өткізілді.

Кездесудің тақырыбы: «Стандарттау және сертификаттаудың өзекті мәселелері».

Іс-шара барысында қатысушылар түрлі салалардағы стандарттау және сертификаттау процестерінің заманауи тенденциялары мен маңыздылығын талқылады. Студенттер талқылауға белсенді қатысып, өздерін қызықтырған сұрақтарын қойды.

Сондай-ақ студенттер үшін таныстыру экскурсиясы ұйымдастырылды. Оның аясында олар «РҒТК» АЕҚ Техникалық әдебиеттер мен құжаттаманың арнайы түрлері орталығы жұмысының ерекшеліктерімен танысты.