«Қазақстан Республикасында өнертабыстар мен пайдалы модельдерді патенттеу» семинары

2026 жылғы 19 ақпанда «Қазақ тағамтану академиясы» ЖШС қызметкерлері үшін «Қазақстан Республикасында өнертабыстар мен пайдалы модельдерді патенттеу» тақырыбында семинар өткізілді. «РҒТК» КеАҚ патенттік құжаттамамен жұмыс жөніндегі бөлім меңгерушісі Т.А. Азанова пайдалы модельге патент рәсімдеудің тәртібі мен ерекшеліктерімен таныстырды. Қызметкерлер ерекше қызығушылық танытып, сұрақтар қойды және оларға толыққанды жауаптар алды.
Семинар соңында ЖШС басшылығы мен қызметкерлері іс-шараны жоғары деңгейде өткізгені үшін лектор Т.А. Азановаға және патенттік-ақпараттық орталықтың директоры А.М. Мұқановаға алғыс білдірді.