Наурыз — табиғаттың жаңаруын, бірлік пен ұрпақтар сабақтастығын білдіретін маңызды мерекелердің бірі.
Наурыз мерекесі аясында КЕАҚ « Республикалық ғылыми-техникалық кітапхананың Ақпараттық-қызмет көрсету орталығында» ұлттық мәдениетті насихаттауға және дәстүрлерді сақтауға бағытталған Ұлттық киім күні ұйымдастырылды.
Іс-шара барысында ұлттық киім түрлері мен дәстүрлі ою-өрнектерге арналған тақырыптық презентация өткізілді. Қазақтың ұлттық киімдерінің негізгі элементтері — камзол, шапан, сәукеле, тақия таныстырылып, олардың тарихи және мәдени мәні атап өтілді.
Сонымен қатар, ұлттық ою-өрнектерге ерекше назар аударылды. Олардың түрлері — өсімдік тектес, геометриялық және зооморфтық оюлар қарастырылып, мағынасы түсіндірілді.
Осындай іс-шаралар КЕАҚ РҒТК Ақпараттық-қызмет көрсету орталығында ұлттық құндылықтарды сақтау мен дәріптеуге, мәдени мұраға деген құрметті арттыруға ықпал етеді.


