Ғылыми-зерттеулер қызметі

Жүйелі зерттеулердің басталуы 90-жылдардың соңына жатады.

«Қазақстанның Республикалық ғылыми-техникалық кітапханасының оқырмандарға қызмет көрсету бөлімі жұмысының кейбір бағыттарының жай-күйі мен оларды жетілдіру жолдары» атты бірінші зерттеудің мақсаты бөлімдер жұмысының жай-күйі мен ұйымдастырылуын, кітап қоры құрамының қажеттілігі мен пайдаланушылардың көңілінен шығу сәйкестігін зерделеу болды; қызмет көрсету жүйесіндегі абонементтің және оқу залының рөлін, арнайы ерекшеліктерін қарау; практикаға теріс әсер ететін себептерді анықтау; қызметтi жетiлдiру және анықталған iшкi резервтердi өндiрiстiк процеске енгiзу тәсiлдерiн айқындау болатын.

Зерттеу шеңберінде абонемент бойынша берілетін әдебиеттердің сақталуын және уақтылы қайтарылуын қамтамасыз ету мәселесі қаралды. Ұсыныстарды іске асыру ҒЗЖ аяқталғаннан кейін бірден басталды. Қормен жұмыстың егжей-тегжейлі жоспарлары әзірленді, пайдаланушылардың сауалнамаларда баяндалған негізгі тілектері қанағаттандырылды, қосалқы қорлардың құрамы және толықтандырудың ағымдағы процесінде әдебиетті іріктеу тәсілдері қайта қаралды.

2000 жылы алдыңғы зерттеуде қозғалған «Қазақстанның РҒТК мерзiмдi басылымдар қорының жай-күйi мен қажеттiлiгi» тақырыбы егжей-тегжейлi қаралды.

Зерттеу процесінде қордың атауларындағы, жылдық жиынтықтарындағы және нөмірлеріндегі сандық сипаттамалары тексерілді; содан кейін қордың толықтығы мен жаңартылуы, оның өзектілігі және пайдаланушылардың көңілінен шығуы талданды; қолда бар мерзімді басылымдар туралы ақпаратты пайдаланушыларға жеткізілу тәсілдерінің тиімділігі қаралды, осы тәсілдердің сенімділігіне баға берілді.

Мерзімді басылымдар қорын қалыптастыру жөніндегі жұмысты ретке келтіру мақсатында РҒТК және оның филиалдарының әрқайсысы міндетті түрде сатып алатын журналдардың тізімі дайындалып, бекітілді; журналдардың ғылыми-практикалық маңыздылығына, ондағы жарияланымдар сипатына, мақсаттылығына және оқырман мүддесіне сай келуіне мән беретін, Жарғыда айқындалған РҒТК сұранысына, мәртебесіне және міндеттеріне қарай сақтау мерзімдерін белгілейтін құжат қабылданды.

ҒЗЖ ұсыныстарын практикалық қолданудың нәтижесінде пайдаланушыларды қордың құрамы және мерзімді басылымдардың жаңа түсімдері туралы ақпараттандырудың нысандары мен әдістерін кеңейтуге жол ашылды. 90-жылдардың аяғында РҒТК маркетингтік қызметке мән бере бастады, өйткені бюджет қаражатының тапшылығы кітапхананың одан әрі дамуына және, ең алдымен, ақпараттық технологиялардың толыққанды игерілуіне кедергі келтіре бастады.
2001 жылы ақылы қызмет көрсету бойынша кең ауқымды тәжірибелік іс-қимылдар нәтижесі «РҒТК филиалдарының пайдаланушыларына ақылы қызмет көрсету жұмыстарының жай-күйі және оны жетілдіру жолдарын талдау» атты ғылыми-зерттеу жұмыстарына жинақталды. Осы бағыттағы істердің ағымдағы жай-күйімен танысу оң тәжірибені ғана емес, сонымен қатар көптеген ұйымдастырушылық кемшіліктерді де анықтауға мүмкіндік берді. Сондықтан мемлекеттік қазыналық кәсіпорын ретіндегі Республикалық ғылыми-техникалық кітапхананың кәсіпкерлік қызметін регламенттейтін құжаттарды әзірлеуге басты назар аударылды, нәтижесі ҒЗЖ туралы есепке қоса берілген еді.
Жүргізілген зерттеудің арқасында ақылы қызметтегі барлық ұйымдастырушылық кемшіліктерді жоюға мүмкіндік туды.

2000 жылдың басында кітапхана қауымдастығының басты міндеттерінің бірі жаңа жағдайда жұмыс істеу үшін кітапхана кадрларын даярлау және қайта даярлау болды. Сондықтан 2002 жылы РҒТК шеңберінде құрылған Қазақстан кітапханашыларын кәсіби дамыту Орталығының жұмысына көмектесу үшін республиканың кітапхана кадрларының кәсіби құзыреттілік деңгейіне социологиялық зерттеу жүргізілді.

Зерттеу нәтижелері Орталықтың жұмыс атқаруға қабілеттілігін, қызметті ақысыз және ақылы негізде де жалғастыру мүмкіндіктерінің болуын растады. РҒТК мен филиалдары қорларын толықтандыруға бөлінген қаражаттың ұдайы тапшылығы оларды жұмсауға неғұрлым қатаң және үнемді тәсілді іздеуді алға тартты және пайдаланушыларға қызмет көрсету сапасына нұқсан келтірместен, шығындарды қысқартуға болатын бағыттарды анықтауды талап етті.

Бұл мәселенің шешімі 2003-2004 жылдары жүргізілген «Қазақстанның РҒТК пайдаланушыларға қызмет көрсету барысында мерзімді басылымдар қорын бөліп тарату жағдайында жұмысты ұйымдастыру» атты қолданбалы зерттеулер арқасында табылды.
Жазылымның мазмұны, көлемі және өзгерістері туралы хабарлау РҒТК сайтында алдағы жылға арналған жазылым басылымдарының жиынтық тізбесін ұсыну арқылы жүзеге асырыла бастады. Сондай-ақ, сайтқа РҒТК және 12 филиалының қорлары туралы толық ақпарат берілген «Мерзімді басылымдардың жиынтық электрондық каталогы» және кейінірек «Мақалалардың жиынтық каталогы» қойылды, соның арқасында іс жүзінде Республиканың барлық өңірлердегі оқырмандарының қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін журналдардың он үш құнды жинағын пайдалануды жүзеге асыру мүмкіндігі пайда болды.

Орындалған тапсырыстарды жеткізу мәселесі де іс жүзінде құжаттарды электрондық жолмен жеткізу арқылымүмкіндіктерін табысты игерудің арқасында шешілді.
2005 жылы орындалған жұмыстың тақырыбы «РҒТК мен филиалдарының дәстүрлі және электрондық каталогтарына сұраныс жағдайы». Оның мақсаты кітап қорына арналған карточкалық және электронды каталогтардың іздеу қасиеттерін бағалауды және оқырмандардың оларды жетілдіру бойынша ұсыныстарын зерттеу болды.

Статистикалық және жазба түрдегі ақпараттар жинау үшін пайдаланушыларға анкета таратылды және 1005 сауалнама толтырылғаннан кейін алынды. Респонденттердің талаптары мен тілектері мұқият зерттелді. Қазіргі уақытта пайдаланушылардың қолында алфавиттік-пәндік электрондық көрсеткіштер, УДК кестелерінің толық және қысқартылған нұсқалары, каталогтау және қызмет көрсету бөлімдері мамандарының кеңестері, ЭК бойынша іздеуге көмектесетін құралдар бар, қарапайым іздеу алгоритмі жаңадан бастаушыларға арналған дисплей экранына орналастырылған.
Ғылыми-техникалық кітапханалардың ерекшелігі олардың қорларында патенттік және нормативтік құжаттаманың болуымен айқындалады, оның жұмысын талдауға соңғы екі зерттеу арналған:
Біріншісі – «РҒТК және филиалдардың патенттік қорларының жай-күйі, пайдаланылуы және дамыту болашағы» – 2006 жылы орындалды.

Зерттеу барысында Республикалық патент қорының және бірқатар филиалдардың құжаттар қоры мен анықтамалық-іздеу аппараттары оң баға алды. Патенттік құжаттамаға пайдаланушылардың кең ауқымының назарын аудару үшін жұмыстың негізгі бағыттары айқындалды, оның ішінде атаулы жарнама, кәсіпорындардың, кәсіпкерлердің және зияткерлік меншіктің басқа да иелерінің мүдделерін қорғаудағы патенттік құжаттаманың рөлін түсіндіру, ақпараттық қызмет көрсету және шарттық негізде күрделі патенттану қызметтерін ұсыну, өнертапқыштармен жұмысты қалпына келтіру.

Патенттік қызметтерді басқаратын және пайдаланушыларға күрделілігі жоғары қызметтерді көрсететін қызметкерлерді үздіксіз оқытуға баса назар аударылды. 2007-2009 жылдары «РҒТК мен филиалдарының нормативтік құжаттары қорларының жай-күйі, пайдаланылуы және даму болашағы» атты екінші зерттеу жүргізілді. Стандарттау бойынша НҚ, құрылыс бойынша НҚ, ведомстволық НҚ қорларының жай-күйі, оларды толықтандырып отыру көздерінің сенімділігі, НҚ қызметі туралы ақпараттық басылымдар қорының толықтығы және құжаттарды қолдану барысын тексеру жөніндегі жұмыстың жай-күйі талданған. Пайдаланушылардың санаттары, оларға көрсетілетін қызмет түрлері, қызмет көрсетудің сапасы және ұжымдық абоненттерге шарт бойынша қызмет көрсетудің экономикалық тиімділігі қаралды. Жұмыстың барлық бағыттары бойынша ұсыныстар берілді.

2012 жылы жүргізілген — «Республикалық ғылыми – техникалық кітапханасы» АҚ абонемент пен оқу залынан кітаптар беруді талдау» жұмысында, оқырмандарға қызмет көрсететін РҒТК филиалдарының, құрылымдық бөлімшелерінің абонемент қорлары мен оқу залында кітап берудің жай-күйі, оның ішінде кітап қоры, жиынтық есепке алу кітаптарында (КСУ) тіркелген мерзімді басылымдар қаралды.

Абонемент қоры мен оқу залында кітап беруді зерделеу қажеттілігі оның төмен айналымына байланысты қолға алынды. Жеке пайдаланушыларға қызмет көрсету бойынша жұмыс, абонемент қорлары мен оқу залдары базасында көрсетілетін қызметтердің сандық көрсеткіштері мен сапасы және кітапханалардың тиісті бөлімшелерінің рентабельділігі, Кітап беру нормалары мен Прейскуранттың сақталуы қаралды.

Жұмыс ай сайын кітап қорының және мерзімді басылымдар қорының берілуіне және оларды пайдаланғаны үшін бюджеттен тыс қаражаттың түсуіне талдау жасау арқылы жүргізілді. Зерттеудің мақсаты абонемент пен оқу залының кітапхана қорының құрамы мен қолданылуын және оның айналымын зерттеу болды.

2011 жылы РҒТК мен филиалдарының құрылымдық бөлімшелерінің абонемент пен оқу залы қорларынан кітаптар мен мерзімді басылымдарды беру бойынша бюджеттен тыс қаражаттың түсуіне талдау жасалды.

Жүргізілген зерттеулер туралы есептер кемшіліктерді жою және жұмысты жетілдіру үшін ғана емес, сонымен қатар жұмысқа қабылданатын жаңа қызметкерлерді мамандыққа үйрету үшін оқу құралдары ретінде де қолданылады. Бұл әсіресе кітапхана кадрларының тапшылығы және басқа білікті мамандар есебінен штатты толықтырудың мәжбүрлі қажеттілігі жағдайында өте маңызды. 2013 жылы өткізілген «Нарық сегменті және ұжымдық пайдаланушының экономикалық мінез-құлқы» атты ғылыми-зерттеу жұмысының негізі кітапхана қызметтерінің әртүрлі түрлерін пайдаланудың қажеттілігі мен дәрежесін анықтау және ұжымдық пайдаланушылардың экономикалық мінез-құлқын анықтау, сондай-ақ осы процесті жетілдіру үшін қызметтерді дамыту элементтерінің теориясы мен практикасын жалпылау мақсатында жүргізілген маркетингтік зерттеулер болды.

Бұл зерттеу жұмысы бірнеше кезеңнен өтті: сауалнамаларды әзірлеу және орындаушылармен келісу; сауалнамалар мен оларды толтыру бойынша нұсқауларды жіберу; сауалнамаларды талдау, жиынтық статистикалық деректерді құру; пайдаланушылардың пікірлерінің, ескертулері мен ұсыныстарының жиынтық тізбесін жасау; қызмет көрсетудің есептік нысандарын, ақпараттық қамтамасыз ету картотекасының деректерін, «ИНФО» МБ талдау (проблемаларды анықтау); жиынтық статистикалық деректерді құрастыру.

Зерттеу нәтижелері бойынша РҒТК және филиалдарының қызмет көрсету бөлімшелеріне келесідей ұсыныстар берілді және оларды өз қызметінде пайдалану қажеттігі көрсетілді:

 

  • Электрондық коммерциялық ұсыныстарды тарату, оның ішінде өңірлерге (direct-mail);
  • Көрмелер мен презентациялардың тақырыптық бағдарын анықтауға мүмкіндік беретін ұжымдық абоненттердің өкілдеріне сауалнама жүргізу;
  • Ақпарат күндерін, Мамандар күндерін ұйымдастырып, жаңа ұйымдарды шақырумен, оның ішінде өңірлерге бару арқылы өткізу;
  • Интернеттегі іздеу жүйелерінде контекстік жарнама жасау;
  • Өз қызметтерін ұсыну мақсатында кәсіпорындар мен ұйымдардың сатып алу жоспарларын қарау, сондай-ақ сатып алуға қатысу;
  • Ақпараттық хаттарды жолдау;
  • Жаңа қызметтерді ұйымдастыру;
  • Қызметкерлердің біліктілігін үнемі арттырып отыру;
  • Сайттағы кітапхананың ақпараттық ресурстарын үнемі жарнамалау;
  • Жаңа Ұжымдық пайдаланушыларды тарту мақсатында атқарылған жұмыстардың нәтижелілігіне тұрақты мониторинг жасап отыру.
  • «ИНФО» МБ жұмысын жүйелі жетілдіру.
    Атқарылған бүкіл қолданбалы зерттеулер РҒТК және филиалдары қызметінің барлық бағыттарының сапасын арттыруға айтарлықтай оң әсер етті.