РҒТК қызметтері

Қорды толықтандыру және ғылыми өңдеу қызметі

Қызмет жетекшісі:

Қыдыржанова Қарлығаш Аукеновна тел.: +7 (727) 378 41 89
РҒТК қорын қалыптастыру толықтандырудың тақырыптық-типологиялық жоспарына сәйкес жүргізіледі және ол кітапхананы пайдаланушыларға қызмет көрсетудің толықтығы мен жеделдігін қамтамасыз етуге бағытталған. Құжаттар тізбесі отандық және шетелдік ғылыми және техникалық кітап-журнал өнімдерін, патенттік және нормативтік құжаттамаларды және арнайы әдебиеттердің басқа да түрлерін қамтиды.
Жаңа технологиялардың дамуы қорға жыл сайын электрондық түрдегі басылымдардың 92% -дан астам түсуіп отыруын қамтамасыз ететін болды. Қорды жинақтаудың толықтығы кең ауқымды сенімді көздердің негізінде қамтамасыз етіледі. Жинақтаудың негізгі көздері: кітап саудалаушы ұйымдар, жазба агенттіктері, «ФИПС» ФГБУ, ИНИЦ «ПАТЕНТ» ААҚ, «СҒЗИ» РМК филиалы, «Стандартинформ» ФГУП, «Қазстандарт», «Информнаука» ЖШҚ, ведомстволар, әзірлеушілер және электрондық басылымдардың провайдерлері болып табылады.
Қызметтің негізгі міндеті – оқырмандардың сұраныстарын жедел және толық қанағаттандыру мақсатында каталогтар жүйесі (дәстүрлі және электрондық) арқылы қорды жан-жақты барынша ашу болып табылады.

Қызмет мыналарды атқарады:

  • кітапхананың анықтамалық-іздеу аппаратын жүргізу және редакциялау;
  • құжаттарды каталогтау (қолданыстағы МемСТ-қа сәйкес библиографиялық
    сипаттама жасайды);
  • кітапханада қабылданған ӘОЖ кестесіне сай құжаттарды индекстеу;
  • құжаттарды техникалық сипатта өңдеу.
  • Карточкалы каталогтарды жүргізеді:
  • алфавитті;
  • қызметтік;
  • жалғастырылып шығарылатын басылымдардың алфавитті каталогын (институттар шығарған еңбектерді, жин. шығ.), жүйелеу каталогын қамтамасыз етеді.

Қызмет олардан басқа:

  • бөлімнің жіктеу индексін анықтауға көмектесетін және жүйелі каталогқа қосалқы аппарат болып табылатын алфавитті-пәндік көрсеткішті жүргізеді;
  • кітапхананың түрлі бөлімшелерінде сақталатын қазақ, орыс және шетел тілдерінде басып шығарылған кітаптар мен депонирлі қолжазбалардың Электрондық каталогын (ЭК) құрастырады;
  • 2001 жылдан бастап РҒТК мен филиалдарындағы кітаптардың Бас жиынтық каталогын жүргізеді.
  • Қызмет докторлық диссертацияларға, мақалаларға, әдістемелік құралдарға, есептерге және т.б. ӘОЖ, ҒТАМР индекстерін қою бойынша қызметтерді атқарады.

Кітапханалық-ақпараттық процестерді сараптау қызметі

Қызмет жетекшісі:

Круглыхина Елена Владимировна тел.: +7 (727) 378 35 26
Сараптау қызметінің негізгі бағыттары:

  • РҒТК мен филиалдарының қызметтерін ретке келтіріп отыруға негізделген нормативті, нұсқау-әдістемелік материалдарды әзірлеу және жекелеген өндірістік процесстерді атқару;
  • РҒТК мен филиалдардың ресурстарына, пайдаланушыларға көрсетілетін қызмет түрлеріне және көлеміне, жұмыстарының маңызды бағыттарына қолданбалы зерттеулер жүргізу;
  • РҒТК мен филиалдардың іргелі тәжірибелерін анықтау, зерттеу және жалпы қолдануға ұсыну;
  • Кітапханалық жұмыстар бойынша барлық мәселелерде жекелеп немесе топтап кеңестер беру;
  • пайдаланушылардың ақпараттық қажеттіліктерін барынша қанағаттандыруды қамтамасыз етуге және кітапханалар қызметінің тиімділігін арттыруға бағытталған РҒТК филиалдарын басқаруды ұйымдастыру;
  • ақпараттық технологиялар базасы негізінде филиалдардың жұмыстарын ұйымдастыру;
  • көрсетілетін қызметтердің көлемі мен құрылымын тексеру және нақтылау, жұмыстың басымдық жақтарын айқындау және тиімділігін бағалау мақсатында филиалдардың жоспарлары мен есептеріне сараптау жүргізу;
  • жұмыс қорытындылары бойынша статистикалық жиынтық есепті құрастыру және филиалдардың қызметі туралы қорытынды баяндама жасау;
  • кітапхана мамандарына арналған анықтамалық құралдар болып табылатын библиографиялық және толық мәтінді мәліметтер базасын құру және жүргізу;
  • РҒТК және оның филиалдарының кітапхана қызметкерлерін үздіксіз оқыту мен біліктілігін арттыруды жүзеге асыру.