«РҒТК» КЕАҚ Ақпараттық-сервистік орталығына жаңа директор тағайындалды

«Республикалық ғылыми- техникалық кітапхана»коммерциялық емес акционерлік қоғамының Ақпараттық-сервистік орталығына жаңа директор тағайындалды.
Қоғам басшылығының шешімімен аталған лауазымға Жуманова Айгерім Сағынбайқызы тағайындалды.

Ақпараттық-сервистік орталық ғылыми ұйымдарды, жоғары оқу орындарын және өнеркәсіптік кәсіпорындарды сапалы ақпараттық сүйемелдеуді қамтамасыз етуде маңызды рөл атқарады. Орталық отандық және шетелдік ғылыми-техникалық ресурстарға қолжетімділік ұсыну, ғылыми-зерттеу қызметін ақпараттық қолдау, жарияланым белсенділігін арттыру мәселелері бойынша кеңес беру, сондай-ақ заманауи цифрлық сервистерді дамыту бағытында кешенді қызмет көрсетеді.
Жаңа басшының тағайындалуы сервистік инфрақұрылымды одан әрі жетілдіруге, инновациялық цифрлық шешімдерді енгізуге, стратегиялық серіктестікті кеңейтуге және ғылыми қауымдастықпен өзара іс-қимыл тиімділігін арттыруға бағытталған.
«РҒТК» КЕАҚ ұжымы жаңа директорға кәсіби табыс, жауапты қызметінде жоғары нәтижелер және Қазақстан Республикасының ғылымы мен инновациялық әлеуетін дамыту жолындағы жемісті еңбек тілейді.