«Республикалық ғылыми-техникалық кітапхана» КЕАҚ президенті Б. Г. Алматова «Кардиохирургия және транспантология ғылыми-клиникалық орталығы» ЖШС басшысы, медицина ғылымының докторы, профессор С.Д. Джошыбаевпен жұмыс кездесуін өткізді. Іс-шараны «РҒТК» КЕАҚ Жамбыл филиалы ұйымдастырды.
Әңгімелесу барысында Сейтхан Джошыбаевич өзінің ғылыми өнертабыстарын дайындау мен авторлық құқық алу үшін құжаттарды ресідеуде практикалық көмек көрсеткен РҒТК мамандарына алғысын білдірді. Құжаттарды сүйемелдеудегі жоғары кәсібилік ерекше атап өтілді.

Тараптар РҒТК –ның Қазақстанның ғылыми қоғамдастығындағы маңызды рөлін атап өтті. Кітапхана көптеген жылдар бойы зерттеушілер мен медициналық ұйымдарға ақпараттық және әдістемелік қолдау көрсетіп келеді
Кездесу нәтижесінде «РҒТК» КЕАҚ Жамбыл филиалы мен екі жетекші ұйым арасында кітапханалық- ақпараттық қызмет көрсету туралы келісімшарттарға қол қойылды: «Кардиохирургия және трансплантология ғылыми-клиникалық орталығы» ЖШС және «С. Джошыбаев атындағы халықаралық медициналық академиясы» ЖШС.
Бұл келісімдер ғылыми қызметті жүйелі ақпараттық сүйемделдеуге және отандық медицинаның инновациялық әлеуетін дамытуға бағытталған.