«Республикалық ғылыми-техникалық кітапхана» (РҒТК) КЕАҚ Ақтөбе филиалында «РТКБ» КЕАҚ Президенті Б. Г. Алматованың, вице-президент көмекшісі К. А. Тұрсынбекованың, филиал қызметкерлерінің, сондай-ақ «Мұнай-газ ісі» кафедрасы оқытушыларының және «Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университеті» КЕАҚ техникалық факультеті студенттерінің қатысуымен маңызды кездесу өтті.

Іс-шара аясында «РҒТК» КЕАҚ Ақтөбе филиалының директоры З.С. Эмурсинова «Ақтөбе ғылыми-техникалық кітапханасы: 1957 жылдан цифрлық дәуірге дейін» тақырыбында презентация жасады. Баяндамада филиалдың қалыптасу тарихы, дамуының негізгі кезеңдері және цифрландыру жағдайындағы заманауи қызмет бағыттары көрсетілді.

Қатысушылар кітапхана практикасына инновациялық технологияларды енгізу мәселелеріне ерекше назар аударды. «Мұнай-газ ісі» кафедрасының оқытушылары мен Қ. Жұбанов атындағы АӨУ техникалық факультетінің студенттері «Республикалық ғылыми-техникалық кітапхана» КЕАҚ Ақтөбе филиалы қызметінің жекелеген процестерін автоматтандыруға бағытталған чат-бот (виртуалды көмекші) әзірлеу және еңгізу жобасын таныстырды.
Өткен кездесу тәжірибе алмасудың және ынтымақтастық перспективаларын талқыланудың тиімді алаңына айналды. Пайдаланушыларға кітапханалық-ақпарааттық қызмет көрсету сапасын айтарлықтай арттыруға мүмкіндік беретін цифрлық шешімдердідамытуға ерекше назар аударды.
