Техникалық әдебиеттер мен құжаттамалардың арнайы түрлері орталығының жаңа директорын тағайындау

2026 жылдың 5 қаңтарынан бастап Шапошникова Алла Николаевна «РҒТК» КЕАҚ техникалық әдебиеттер мен құжаттамалардың арнайы түрлері орталығының директоры лауазымына тағайындалды.
Алла Николаевна «РҒТК» КЕАҚ мекемесінде 2016 жылдан бастап жұмыс істейді, жұмыс барысында өзін жоғары кәсіби біліктілігі мен кітапханалық-ақпараттық қызмет барысындағы терең білімі бар құзыретті және жауапты маман ретінде көрсетті.
«РҒТК» КЕАҚ ұжымы Алла Николаевнаны басшылық лауазымға тағайындалуымен құттықтайды және кәсіби міндеттерді табысты іске асыруды, жемісті жұмыс пен орталықтың дамуындағы жаңа жетістіктерге жетуді тілейді.