2025 жылы 7 миллионнан астам данада бірегей кітап қоры бар және 100 мыңнан астам оқырманға қызмет көрсететін, елдегі ең ірі кітапхана мекемесі – Қазақстан Республикасының Ұлттық кітапханасының құрылғанына 115 жыл толуы атап өтілуде. Бүгінде ҚР Ұлттық кітапханасы ұлттық және әлемдік рухани мұраның қоймасы ғана емес, сонымен қатар республикадағы кітапхана ісінің даму бағыттарын айқындайтын маңызды мәдени, ғылыми-әдістемелік орталық болып табылады.

2025 жылғы 19 желтоқсанда Алматыда осы айтулы күнге арналған салтанатты мерейтойлық іс-шара өтті. Іс-шараның құрметті қонағы ретінде «Республикалық ғылыми-техникалық кітапханасы» КЕАҚ атынан вице-президент Маленькая М.Ю. қатысты.
Салтанатты рәсімге Қазақстан Республикасы мемлекеттік кітапханаларының өкілдері, белгілі жазушылар, сондай-ақ еліміздің кітапхана саласының дамуына елеулі үлес қосқан ардагер кітапханашылар қатысты.

Мерейтойлық іс-шара кәсіби қарым-қатынас, тәжірибе алмасу және республиканың жетекші кітапханалары арасындағы ынтымақтастықты нығайту барысында маңызды алаңға айналды.
