Кітапханаға жазылу, пластикалық билет беруге негізделген автоматтандырылған режимде жүзеге асырылады.
Республикалық ғылыми-техникалық кітапхананың оқырманы болу үшін Сізге жеке куәлігіңізді немесе студенттік билетті көрсетіп, кітапхананы пайдалану ережелерімен танысу қажет.
Абонемент арқылы құжаттарды алу үшін қосымша мыналарды көрсету қажет:
- Жеке куәліктерде көрсетілмеген Алматы қаласында тіркелу туралы мәліметтерді қамтитын анықтама (ХҚКО, egov.kz);
- фирмалық бланкіге басылған жұмыс орнынан анықтама.
Оқырман билеттерін оқырманның өзі қатысуынсыз сырттай жазуға, бөтен біреуге беруге және ұзартуға рұқсат етілмейді.
Пайдаланушы кітапханаға оқырман билеті мен формулярда түзетуді талап ететін барлық өзгерістер (аты-жөні, тұрғылықты жері, телефондары және жұмысы) туралы хабарлауы тиіс. Оқырман билеті Кітапхана қорларын жеке пайдалануға ғана құқық береді және оны басқа бір адамға беру мүмкін емес.
Пайдаланушылар онлайн жазылуды жүзеге асыра алады. Мұнда оқырман билетін сайттың «Электрондық каталог» бөлімінде қашықтан брондауға болады.
РҒТК сайтында тіркелу кітапханаға жазылу барысындағы алдын ала қадам болып табылады және оны оқырман билетін алумен шатастыруға болмайды.
Тіркеу формасын толтырып, деректеріңізді тексергеннен кейін сіз көрсетілген электрондық пошта адресінде сәйкестендіру нөмірін аласыз, ол сізге болашақта пластикалық оқырман билетін алуға мүмкіндік береді.
Пластикалық оқырман билетін алу үшін Сіз кітапхананың пайдаланушыларға қызмет көрсету орталықтарының кез келгені бойынша жеке хабарласуыңыз қажет, сонда ғана қол жеткізуіңізге болады.
Онда Сізге жеке куәлігіңізді, жұмыс орнынан анықтаманы көрсету керек және тіркелу анкетасын толтыру қажет.
Билетті алғаннан кейін Сіз кітапхананың барлық қызметтерін пайдалана аласыз
Егер сізде сұрақтар туындаса, «Бізге қоңырау шалыңыз» деген Виртуалды қызметті пайдаланыңыз.
Кітапхана пайдаланушыларға, каталог жүйесі бойынша ақпарат алуға, оқу залдарында және электрондық ресурстар залдарында жұмыс істеуге құқық беретін фотосуретсіз бір жолғы оқырман билетін алуды қамтамасыз етеді.
Кітапхананың оқу залдары мен электрондық ресурстар залдарын пайдалану құқығы Қазақстан Республикасының барлық азаматтарына, сондай-ақ басқа мемлекеттердің азаматтарына да ортақ ереже негізінде беріледі.
Сізге көмектесуге әрқашан дайынбыз!