«РҒТК» КЕАҚ Павлодар филиалындағы Ақпарат күні

Конкурстық негізде қызмет көрсету аясында, Павлодар облысы бойынша «Өрлеу» кәсіби даму институтымен жасалған шарт бойынша, біліктілікті арттыру курстарына қатысушылар үшін «Павлодар филиалының электрондық ресурстары» атты Ақпарат күні өткізілді.

Іс-шара барысында электрондық ресурстардың презентациясы, филиалдың патенттік қорының презентациясы, сондай-ақ филиалдың қашықтан алуға болатын қызметтері туралы ақпарат ұсынылды.

Ақпарат күнінен кейін іс-шараға қатысушылардың сұраныстары бойынша Павлодар облысы мектептерінің 10 мұғалімінің жарияланымдарына ӘОЖ индекстері берілді.

Павлодар облысының мектеп кітапханашыларына (Павлодар облысы бойынша «Өрлеу» кәсіби даму институтының біліктілікті арттыру курстарына қатысушыларға) «Павлодар филиалының электрондық ресурстары» атты Ақпарат күні – электрондық ресурстардың, патенттік қордың презентациясы, филиалдың қашықтан алуға болатын қызметтерін таныстыру.

НӘТИЖЕ: 2025 жылғы ақпанда Павлодар облысы мектептерінің 10 мұғалімі өз жарияланымдарына ӘОЖ индексін қоюға сұраныс жіберді.