Кітапханаға тарту

Ұлттық банк өкілі «РҒТК» КЕАҚ Павлодар филиалының қорына тамаша сыйлық басылымды – «Қазақстан монеталары» каталогын тарту етті. Басылым 1993 жылдан 2021 жылға дейін шығарылған қазақстандық монеталарға арналған, онда айналыстағы, коллекциялық және инвестициялық монеталарға сипаттама беріліп, олардың техникалық сипаттамалары келтірілген.