2026 жылғы 2 қарашада «Республикалық ғылыми-техникалық кітапхана» КЕАҚ Президенті Б.Г. Алматова «Алматы» телеарнасының «Таңғы студия» бағдарламасына қонақ болды. Эфирде ол елдегі ғылым мен білімнің дамуы және осы үдерістердегі кітапханалардың орны туралы айтып берді.
Б.Г. Алматова қазіргі қоғамдағы кітапханалардың рөлі мен міндеттеріне тоқталды. Сондай-ақ Мемлекет басшысының «Жасанды интеллект дәуіріндегі Қазақстан: өзекті мәселелер және оны түбегейлі цифрлық өзгерістер арқылы шешу» атты Жолдауында айқындалған міндеттер жөнінде жеке тоқталды.
Әңгіменің тағы бір тақырыбы «Адал азамат» идеологиясы болды. «РҒТК» КЕАҚ Президенті адалдық, жауапкершілік, еңбекқорлық және білімге ұмтылу құндылықтарының жас ұрпақты тәрбиелеудегі маңызын атап өтті.
«Заманауи кітапхана – тек кітап сақтайтын орын емес. Ол ғылым мен білімді, инновация мен жаңа технологияларды тоғыстыратын зияткерлік орталыққа айналуы тиіс. Жаңа дәуір кітапханаларға да жаңа міндеттер жүктейді. Цифрландыру, ғылыми ақпаратқа қолжетімділік, оқырман мәдениетін дамыту және ұлттық құндылықтарды сақтау – біздің күнделікті жұмысымыздың маңызды бағыттары», – деп атап өтті Б.Г. Алматова.
«РҒТК» КЕАҚ «Таңғы студио» бағдарламасының ұжымына мазмұнды сұхбат пен жылы қабылдау үшін алғысын білдіреді.





