2026 жылғы 16 қазанда «Республикалық ғылыми-техникалық кітапхана» КЕАҚ-ның Техникалық әдебиет пен құжаттаманың арнайы түрлері орталығында «Құрылыс өндірісінің технологиясы» тақырыбында экскурсия өтті.
Іс-шараға Қ. И. Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық зерттеу университетінің «Құрылыс» мамандығы бойынша білім алатын 3-курс студенттері (57 адам) оқытушы Жанна Оңғарқызы Қонысбаеваның жетекшілігімен қатысты.
Іс-шараны Орталық директоры А. Н. Шапошникова құттықтау сөзімен ашты. Ұжымдық пайдаланушылармен жұмыс секторының меңгерушісі Г. М. Утепова студенттерді кітапхананың ақпараттық ресурстарымен, электрондық каталогымен және нормативтік-техникалық құжаттаманың электрондық деректер базасымен таныстырды.
Бас кітапханашы Н. С. Трунова «Құжаттардағы құрылыс өндірісінің технологиясы» тақырыбында шолу өткізіп, құрылыс технологиялары, заманауи материалдар, еңбекті қорғау және нормативтік құжаттамаға арналған әдебиеттер көрмесін ұсынды.
Іс-шара соңында студенттер кітапхана қорларымен танысып, өздерін қызықтырған сұрақтарға жауап алды және РҒТК-ның ғылыми-техникалық ресурстарын оқу мен кәсіби қызметте пайдалану мүмкіндіктері туралы ақпарат алды.







