«РҒТК» КЕАҚ Кәсіби дамуды арттыру мектебінде оқу

2026 жылғы 14 тамызда Техникалық әдебиеттер мен құжаттамалардың арнайы түрлері орталығының бас кітапханашысы Г.М. Өтепованың Кәсіби дамуды арттыру мектебіндегі «Заманауи кітапхана жұмысын ұйымдастыру» курсы бойынша оқуы қорытындыланды.

Оқыту 2026 жылғы 11–14 тамыз аралығында өтті және кәсіби құзыреттерді жетілдіруге әрі кітапхана қызметінің тиімділігін арттыруға бағытталды.

Курс шеңберінде келесі негізгі бөлімдер қарастырылды:

  • заманауи кітапхана жұмысын ұйымдастыру;
  • кітапхана жұмысындағы инновациялық технологиялар;
  • пайдаланушыларды техникалық әдебиеттер мен құжаттамалардың арнайы түрлерімен ақпараттық қамтамасыз ету;
  • пайдаланушыларға патенттік-ақпараттық қызмет көрсету.

Оқу қорытындысы бойынша Г.М. Өтепова тестілеуден сәтті өтіп, алған білімі мен кәсіби құзыреттерін меңгеру деңгейін растады.

Алынған білім мен практикалық дағдылар пайдаланушыларға кітапханалық-ақпараттық қызмет көрсету сапасын арттыру үшін Техникалық әдебиеттер мен құжаттамалардың арнайы түрлері орталығының алдағы жұмысында қолданылатын болады.