2026 жылғы 13 тамызда Алматы қаласындағы «Ғылым ордасында» Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Ұлттық ғылым академиясы «Жошы Ұлысының тарихи-мәдени мұрасын зерттеудің перспективті бағыттары» тақырыбында кеңейтілген отырыс өткізді.
Басқосуға еліміздің жетекші ғалымдары — тарихшылар, археологтар, филологтар мен генетиктер жиналып, Алтын Орда дәуірін пәнаралық тұрғыда зерделеудің тың тәсілдерін талқылады. Отырыс барысында Жошы Ұлысын зерттеудің тарихнамасы мен басым бағыттары, бұл кезеңнің қазақ фольклорындағы көрінісі, жаңа археологиялық жаңалықтар (соның ішінде ортағасырлық Қышқала ескерткіші), сондай-ақ шежірені зерттеудегі Y-хромосомасының генетикалық талдау нәтижелері туралы мазмұнды баяндамалар ұсынылды.



| 14.30-15.00 | Қатысушыларды тіркеу | |
| МОДЕРАТОР | ||
| 15.00-15.05 | Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Ұлттық ғылым академиясының академигі, әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Басқарма Төрағасы-Ректоры | ТҮЙМЕБАЕВ Жансейіт Қансейітұлы |
| АЛҒЫ СӨЗ | ||
| 15.05-15.10 | Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Ұлттық ғылым академиясының Басқарма Президенті | КҮРІШБАЕВ Ақылбек Қажығұлұлы |
| БАЯНДАМАЛАР | ||
| 15.10-15.20 | Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Ұлттық ғылым академиясы Білім және қоғамдық даму ғылымдар орталығының басшысы «Жошы Ұлысын зерттеудің басым бағыттары мен перспективасы» | ТӨЛЕН Жеңісбек Мұратбекұлы |
| 15.20-15.30 | ҚР ҒЖБМ ҒК Жошы Ұлысын зерттеу ғылыми институтының директоры «Золотоордынские исследования в Казахстане в XIX-XXI веках» | СӘБИТОВ Жақсылық Мұратұлы |
| 15.30-15.40 | ҚР ҒЖБМ ҒК М.О. Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтының Бас директоры, ҚР Президентінің жанындағы Ұлттық ғылым академиясының құрметті академигі «Алтын Орда дәуірі және қазақ фольклоры» | МАТЫЖАНОВ Кенжехан Ісләмжанұлы |
| 15.40-15.50 | ҚР ҒЖБМ ҒК Ә.Х. Марғұлан атындағы Археология институтының Бас директоры «Жошы Ұлысы археологиясын пәнаралық зерттеудің жаңа ғылыми бағыттары» | ОҢҒАРҰЛЫ Ақан |
| 15.50-16.00 | ҚР ҒЖБМ ҒК Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институтының Бас директоры, ҚР Президентінің жанындағы Ұлттық ғылым академиясының құрметті академигі «Алтын орда тарихын зерттеудің кейбір мәселелері» | ҚАБЫЛДИНОВ Зиябек Ермұханұлы |
| 16.00-16.10 | Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті Тарих факультеті археология, этнология және музеология кафедрасының профессоры «Ортағасырлық қышқала – Алтын орда дәуірінің мәдени орталығы» | ЕЛЕУОВ Мадияр |
| 16.10-16.20 | Ұлттық биотехнология орталығының адам генетикасы зертханасының меңгерушісі, PhD, профессор «Алтын Орда шежіресін зерттеудегі Y хромосомасының генетикалық талдауы» | ЖАБАҒИН Мақсат Қизатұлы |
| 16.20-16.50 | ТАЛҚЫЛАУ | |
| 16.50-17.00 | ҚОРЫТЫНДЫЛАУ | МОДЕРАТОР |