Құрметті ғалымдар мен әріптестер!
Сіздермен біздің РҒТК қорынан табылған бір өте қызықты олжамен бөліскім келеді.
Бес жыл бұрын мен «Рециклинг технологиясы» атты жаңа мамандықты ашу мәселесімен айналыстым. Сол кезде бұл кәсіп Жаңа кәсіптер атласында ұсынылған болатын және болашағы зор, сұранысқа ие бағыт ретінде белсенді талқыланды. Өкінішке қарай, талапкерлер санының жеткіліксіздігінен мамандықты жабуға тура келді.
Бірақ ең қызығы — сол кезде рециклинг бойынша сапалы оқу және ғылыми дереккөздерді табу бізге өте қиын болды.
Бүгін, енді РҒТК басшысы ретінде, мен осы тақырыпқа қайта оралып, қорымыздан рециклинг бойынша әдебиеттің нағыз «алтын қазынасын» таптым. 📚
Әсіресе ағылшын тілінен аударылған, авторы Н. Рудольф «Рециклинг пластмасс» кітабына назар аударғым келеді. Бұл — мамандар, ғалымдар, оқытушылар, студенттер және полимерлерді қайта өңдеу мен қайта пайдалану мәселелерімен айналысатын барлық жандар үшін өте құнды дереккөз.
Бұл олжа РҒТК қорының қаншалықты бірегей әрі құнды екеніне мені тағы бір мәрте сендірді. Кейде қажетті ақпарат қасымызда тұрады — тек оны таба білу маңызды!
Құрметті ғалымдар, оқытушылар мен зерттеушілер, РҒТК-ға жүгініңіздер. Мүмкін, дәл біздің қорымыздан зерттеуіңізге, ғылыми жұмысыңызға немесе жаңа жобаңызға көмектесетін кітаптар мен материалдар табылар.
📖 Біз рециклинг, пластмассаларды қайта өңдеу, циркулярлық экономика және экологиялық технологиялар бойынша тақырыптық әдебиет топтамаларын жасауға дайынбыз.
Сіздерді РҒТК қорының бірегей ресурстарын бізбен бірге ашуға шақырамын!
Алматова Б. Г., «РҒТК» КЕАҚ президенті