Мерейтоймен құттықтау

ҚР Әділет министрлігіне қарасты «Ұлттық зияткерлік меншік институты» РМК Алматы қ. филиалының директоры Орынбекова З.О. ұжым атынан Патенттік-ақпараттық орталықтың патенттік құжаттама секторының меңгерушісі Азанова Татьяна Апушевнаны мерейтойымен құттықтады.

Құттықтау барысында көпжылдық адал еңбегі үшін, Қазақстан Республикасының патенттік жүйесін дамытуға қосқан елеулі үлесі үшін, сондай-ақ таңдаған ісіне деген адалдығы үшін шынайы алғыс білдірілді.

«Республикалық ғылыми-техникалық кітапхана» КЕАҚ «Ұлттық зияткерлік меншік институты» ұжымына көрсетілген ықылас пен жылы лебіздері үшін алғыс білдіреді.