26 қараша – Дүниежүзілік ақпарат күні: РҒТК-ға шақырамыз!

1994 жылдан бастап жыл сайын 26 қарашада Дүниежүзілік ақпарат күні аталып өтеді – бұл күн қоғам дамуындағы білім мен ақпараттық мәдениеттің маңызын еске салады.

Цифрлық технологиялар мен шексіз деректер ағыны заманында басты құндылық – тексерілген әрі нақты дереккөздерге қолжетімділік. Республикалық ғылыми-техникалық кітапхана (РҒТК) – ғылым, өндіріс, бизнес және білім беру салаларына арналған бірегей қорларды біріктіретін Қазақстандағы жалғыз ғылыми-техникалық кітапхана.

Мұнда технологиялар мен жобаларды алға жылжытуға көмектесетін барлық ресурс жинақталған:

  • салалық ғылыми-техникалық әдебиеттер;
  • патенттік және нормативтік-техникалық құжаттар;
  • зерттеулер мен әзірлемелерге арналған заманауи электрондық дерекқорлар.

Дүниежүзілік ақпарат күнімен құттықтаймыз! Зерттеушілерді, инженерлерді, кәсіпкерлерді, студенттерді және сенімді білім іздеген барша жанды РҒТК оқу залдары мен электрондық сервистеріне шақырамыз. Бізбен бірге жаңа көкжиектерді ашып, нақты шешімдер табыңыздар!